HAUSMANN Ыстық тағамдар
Тартылған тауық етінен жасалған киевше котлет

Ингредиенттер
- Тауық филесі700 г
- Жұмыртқа2 дана
- Сары май100 г
- Көк шөп20 г
- Бидай ұны4 ас қасық
- Нан үгіндісі6 ас қасық
- Тұз, бұрышдәміне қарай
- Күнбағыс майы
Дайындау
- Сары май жұмсаруы үшін оны ас әзірлеуден шамамен бір сағат бұрын тоңазытқыштан шығарып қойыңыз.
- Көк шөптің қатты сабақтары мен солған жапырақтарын алып тастап, жуып, құрғатып, майдалап тураңыз.
- Көк шөпті жұмсақ сары маймен араластырып, 4 бөлікке бөлуге ыңғайлы брикет жасаңыз да, қатқанша тоңазытқышқа немесе мұздатқышқа салыңыз.
- Тауық филесін жуып, қағаз сүлгімен құрғатып, HMG-2570 ет тартқышынан өткізіңіз.
- Тартылған етті тұздап, бұрыш себіңіз, жақсылап илеп, 4 бөлікке бөліңіз де, шар жасаңыз; салқындатылған салманы да 4 бөлікке бөліңіз.
- Ұн мен нан үгіндісін жалпақ тәрелкелерге салыңыз, жұмыртқаны біркелкі болғанша шайқаңыз.
- Әр шарды диаметрі шамамен 10 см жалпақ күлше етіп жайыңыз, ортасына салманы салып, шеттерін қымтап, сопақша котлет жасаңыз. Тартылған ет салманы тығыз орап тұруы үшін алақаныңызбен басып шығыңыз.
- Котлеттерді алдымен ұнға, содан кейін жұмыртқаға, соңынан нан үгіндісіне аунатыңыз.
- Күнбағыс майын орташа отта қыздырып, котлеттерді кәкпірмен аударып отырып, шамамен 2 минут қуырыңыз.
- HAG-7070 аэрогрилін 180 °C-та бірнеше минут қыздырып, котлеттерді 180 °C температурада 15 минут пісіріңіз.
HAG-7070 аэрогрилі
HMG-2570 ет тартқышы


