HAUSMANN Көкөністер мен жемістер
Саусақ жалатар аджика

Ингредиенттер
- Қызанақ2,5 кг
- Сәбіз500 г
- Қызыл болгар бұрышы500 г
- Бас пияз300 г
- Сарымсақ200 г
- Қызыл ащы бұрыш3 дана
- Өсімдік майы250 мл
- Қант1 стақан
- Тұз0,25 стақан
- Сірке суы 6%250 мл
Дайындау
- Болгар бұрышын жуып, дәнінен тазалап, тураңыз; қызанақты, сәбізді, ащы бұрышты, сарымсақ пен пиязды тазалап, тураңыз.
- Көкөністерді HAUSMANN ет тартқышынан өткізіңіз.
- Көкөністерді араластырып, плитаға қойыңыз; қайнағаннан кейін баяу отта 30 минут қайнатыңыз.
- Өсімдік майын қосып, жақсылап араластырыңыз да, баяу отта тағы 30 минут қайнатыңыз.
- Қант пен тұзды қосып, баяу отта 1 сағат пісіріңіз.
- Консервілеу үшін 250 мл сірке суын қосыңыз. Қайнау барысында аджиканың көлемі шамамен бір жарым есе азаяды.
HMG-2570 ет тартқышы


