HAUSMANN Буландырғыштар

Қыста буландырғышпен 5 лайфхак

Қыста буландырғыштың көмегімен түйіршіктерді кетіру, аксессуарларды жаңарту, сырт киімді үтіксіз тегістеу, заттарды залалсыздандыру және үлбірді ретке келтіру…

Пальто мен свитерлердегі түйіршіктерді кетіру

  • Талшықтарды жұмсарту үшін буды түйіршіктерге бағыттаңыз.
  • Матаны жұмсақ щеткамен тазалаңыз немесе түкті сүлгімен сүртіңіз — түйіршіктер оңай ажырайды.
  • Өңдеп болған соң матаны қолыңызбен сәл қопсытыңыз.

Шарф, бас киім және қолғапты жаңарту

  • Затты ілгішке іліңіз немесе тегіс бетке жайыңыз.
  • Буландырғышты 10–15 см қашықтықта ұстап, үстінен ыстық бумен жүргізіп шығыңыз.
  • Жағымды иіс үшін су резервуарына эфир майының бірнеше тамшысын (мысалы, лаванда немесе жалбыз) қосуға болады.

Қысқы киімді үтіксіз тегістеу

  • Пальтоны немесе пуховикті ілгішке іліңіз.
  • Екінші қолыңызбен матаны сәл тартып, жоғарыдан төмен қарай бумен өңдеңіз.
  • Толтырғышы жазылуы үшін пуховикті абайлап сілкіп алуға болады.

Жумай-ақ залалсыздандыру

  • Бу бактериялардың 99%-ына дейін жояды.
  • Қоғамдық көліктен кейін шарф, бас киім мен қолғапты, адам көп жерде серуендегеннен кейін сырт киімді, сондай-ақ балалар киімі мен жұмсақ ойыншықтарды химиясыз өңдеңіз.

Күләпара мен жағадағы үлбірді тазалау

  • Буландырғышты 15–20 см қашықтықта ұстап, үлбірдің үстімен абайлап жүргізіңіз.
  • Үлбірді қолмен сілкіңіз немесе жұмсақ қылшықты щеткамен тараңыз — ол қайтадан үлпілдек болады.

Техника

Instagram-дағы жазба →